Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесінің шуақты көктеммен бірге келуінде де өзіндік үндестік бар секілді. Жер дүниенің құлпыруы, ана махаббатының ыстық көрінісіндей сезіледі. Мынау кең дүние мен тіршілік тек әйел баласымен ажарлы.
Тарихты сөйлетсең де, әйелдер қауымынан даналық пен батырлықтың, шешендік пен бірліктің үлгісін көруге болады. Көңілдерге қуаныш пен шаттық сыйлай келетін көктем-аяулы аналарымыз бен әпке-сіңлілер үшін ерекше мезгіл. Себебі, сұлулық пен әдеміліктің, жарасымдылықтың жаршысындай- 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қатар келеді. Мерекеге орай №3 ЖББМ-де, салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік іс-шарада, мектеп басшысы Болатбекова Жанагүл Жанабайқызы мектеп ұжымын құттықтап, жылы лебізін білдірді. Қалалық білім бөлімі, кәсіподақ ұйымынан “Құрмет грамоталары” мен “Алғыс хаттар” табысталды. Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасты. Мектептің ерлер қауымы дайындаған мерекелік концерт ханымдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.