Ұлытау облысы Полиция Департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дүйсебаев Асқар Сүлейменұлы және Ұлытау облысы Полиция Департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Агадилова Асель Секербековна 5-6 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді.
Жиналыста оқушылардың құқықтары мен олардың міндеттері айтылып, оқушылардың арасындағы зорлық -зомбылықтың алдын алу және интернет алаяқтық бойынша түсіндірме жұмыстары, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында әлімжеттік бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


