МИССИЯ: "Біз білім алушылардың өзін-өзі табысты жүзеге асыруы үшін, олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру сапасын арттыруға бағыт аламыз" Миссия школы: «Мы нацелены на повышение качества образования с учетом индивидуальных возможностей обучающихся для их успешной самореализации» Құндылықтар: Білім Кәсібилік Отансүйгіштік Адамгершілік Ынтымақтастық Ценности: 1.Знание 2.Профессионализм 3.Патриотизм 4.Гуманизм 5.Сотрудничество Болашаққа бағдар: 2030 жылы біздің мектеп Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізу бойынша алғашқы 10-дық топ тәжірибелік алаңында болуды көздейді; Видение: В 2030 году наша школа в топ 10-ти стажерских площадок по внедрению инклюзивного образования в Казахстане;
Кіру
AA+

+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhez-school3.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
#JasULAN № 3 Жалпы білім беретін мектебінде 2022 жылдың 4 ақпан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйым мүшелеріның арасында және мектеп психологі Магазова Айгүл Гинаятовнаның және «Жас Ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының үйлестірушісі Елтайқызы Дананың қатысуымен «Болашағын өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
• Оқушылардың өз болашағына жауапты көзқарасын тәрбиелеу;
• Әр адам үшін мақсат пен өмір жоспарын таңдаудың маңыздылығын ашу;
• Сенімді мінез-құлық және өзгелерге жақсы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
• Өзін-өзі қамтамасыз ету сезімін қалыптастыру және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;
• Олардың күшті жақтары туралы идеяларды актуализациялау, Эмпатияны дамыту және топта сындарлы өзара әрекеттесу мүмкіндігін арттыру.
Іс- шараның өтілуі барысында қатысушылардың болашаққа деген көзқарастары мен ойлары, жалпы болашаққа деген дайындықтары туралы сөз қозғалды. Әр қатысушы өзінің арманына жетуге, қалаған маман иесі болуға қандай әрекет жасау қажет, өз мақсатыңа жету үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап алды және өз ойларымен бөлісе алды.
«Болашағын өз қолыңда» деген тақырыпқа сай қатысушылармен бірге болашаққа саяхат жасадық. Әр қатысушы болашақта өзін қандай адам ретінде көргісі келетінін, қандай маман иесі болғысы келетінін білу мақсатында психологиялық ойындар жүргізілді. Оқушылармен бірге «Менің жетістіктерім» атты ойынында, әр қатысушы өзінің жетістіктермен бөлісті. Сонымен қатар, жетістікке жету барысында қандай кедергілер туындағаны туралы немесе сол кедергілерден қалай өтуге болатыны туралы ой бөлістік.
Қорытындысы: Қатысушылар «Болашағын өз қолыңда» атты тренингі арқылы өздерінің болашағына деген жауапкершіліктері арта түсті. Өз-өздеріне деген сенімділігі мен күш- жігері жоғарылады. Алға қойған мақсаттарына жету үшін әрекет ету керек екендігін, барлығы өзінің қолынан келетіне сенімдері арта түсті.