1 сыныпқа құжаттар ағымдағы жылдың 1 сәуірінен EGOV.KZ электрондық үкімет порталарқылы қабылданады. 1-сыныпқа өтінімдерағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады. Білім беру ұйымдары 6 жастағы және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқатолатын балаларды даярлық деңгейіне қарамастан, сондай - ақ білім беру ұйымына қызмет көрсету аумағында тұратын балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналар "білім" бөлімінің жеке кабинетіне кіріп, "орта білім" бөліміне өтуі керек. Әрі қарай, "құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау" қызметін таңдап, қажетті құжаттармен бірге өтініш беру жеткілікті.
Қажетті құжаттар:
✓ Ата-аналардың (немесе оларды алмастыратынадамдардың) өтініші;
✓ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі(сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);
✓ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайытуралы анықтама;
✓"Бала денсаулығының паспорты" 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралыанықтама;
✓ 3 * 4 2 дана фотосурет
1 сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты білімберу ұйымы ағымдағы жылдың 25 тамызынан шығарады.