2023 жылдың 2 қазан күні, № 3 ЖББМ-де, Ұстаздар күні қарсаңында және “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, ардагер ұстаз Қазымбетова Сарсенкүл Кабуловнамен кездесу ұйымдастырылды. 40 жыл еңбек өтілі бар ардақты ұстаз Сарсенкүл Кабуловна, өзінің ұстаздық еткен жылдарымен бөлісіп, оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы жайлы ақыл-кеңестерімен бөлісті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, ардагер ұстазға алғыстарын өлең шумақтарымен білдірді. Кездесу модераторы: Тасыбаева Н.Ж , қатысушылары 5 “Ә” сыныбы. #еңбегіадалжасөренжобасы #ұлытау_тәрбие