Оқушылардың адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей отырып, діни көзқарасын «экстремизм», «терроизм» ұғымдарын қалыптастыру мақсатында, 2021 жылдың 28 қазан күні, №3 ЖББМ-нің, 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен, онлайн форматында, ZOOM платформасы арқылы, “Дін және конфессиялық кеңістік” тақырыбында, Облыстық АТТ мүшесі, және Қарағанды қаласының Дін мәселелері жөніндегі орталығының директоры Төлегенов Дулат Рашидұлымен кездесу өткізілді. Онлайн кездесу барысында, дін жайлы түсінік берілді, сонымен қатар,видеоролик көрсетіліп, талқыланды. Оқушылар да өз пікірлерін білдіріп, пікірталас жүргізілді.Мектебімізде оқушыларға дұрыс діни түсінік қалыптастыру үшін діни экстремизм тақырыбы ұдайы басты назарға алынып жұмыстар жүргізілуде. Себебі, Қазақстан халқы, әсіресе жастар, діни ағымдардың кері жағымен жете таныс болуы керек.