2021 жылдың 4 қараша күні, № 3 ЖБББМ-нің «Жас Ұлан» бірыңғай жасөспірімдер ұйымының белсенділерінің қатысуымен «Дарынды Жас Ұлан» атты интеллектуалды - танымдық ойыны өткізілді. Сайысқа 6- 7 сынып жасұландықтары қатысып, өз білімдерін көрсетіп, барынша белсенділік танытты. «Дарынды Жас Ұлан» интеллектуалды ойынында бірінші орын иегері болып 6 «Ә» сынып оқушысы Бапаш Медина, ал екінші орын иегері 7 «Ә» сынып оқушысы Бапаш Аида және үшінші орын 7 «Ә» сынып оқушысы Жасуланқызы Инабат атанды.