Бүгін Алматыда 15 - 17 қазан аралығында өтетін Инклюзивті білім беру бойынша бірінші Дүниежүзілік конгресс (World Inclussion Congress - WIC 2025) басталды. Конгрессті Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, “ HOPE “ қоры және International Forums of Inclussion Practitioners ( IFIP, Ұлыбритания ) ұйымдастырды.Конгресстің негізгі тақырыбы - білім саласындағы инновациялар, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу. Халықаралық тәжірибе алмасуға және елдер арасындағы серіктестікті нығайтуға аударылды. Конгресстің бірінші күні “ Инклюзивті білім берудегі жаһандық трендтер: шақырулар мен шешімдер” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде сөз алған Қазақстанның Оқу - ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанның білім беру жүйесінде Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әділетті қоғам құру бағытында ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.Конгресс бір алаңда әлемнің 40 елінен 1200 - ден астам үкіметтік құрылымдар, ғылыми қауымдастықтар, халықаралық ұйымдар, педагогтер мен сарапшылар , сондай - ақ инклюзиаті білім беру саласындағы көшбасшылар өкілдерінің басы бірікті.Әлемнің түкпір - түкпірінен келген беделді ғалымдар инкюзивті білім беру саласындағы жаһандық маңызы зор мәселелерді бірлесіп талқылады.


