Бүгін Ұлытау облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Қайыркен Әлиев Жезқазған қаласындағы №3 мектепке арнайы барып, 1-сынып оқушыларын құттықтады.
Балдырғандарға ізгі тілектер айтылып, жол ережелерін үйрететін кітапшалар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Сол себепті өңірдегі барлық мектептерде жауапты офицерлер бекітіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.


