№3 ЖББМ-де «Білім алуға және тұрақты дамуға ықпал ететін құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған педагогикалық орта: тәжірибе, өзгеріс, жоспар» атты тақырыпта алқа отырысының негізгі 7 сұрағы бойынша workshop, коучинг, ұжымдық шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып, барлық педагогтер өзінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Алқа отырысында келесі сұрақтар қаралды:
1.Мектепке дейінгі балаларды ерте дамыту: баланың даралығы мен субъективтілігін қалай қолдауға болады? тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі М. Султанова;
2.Интеграциядан инклюзияға: инклюзивті мәдениетті қалай құруға болады? тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Камалова;
3.Өңірдің әлеуметтік –экономикалық даму бағытына қажетті мамандарды қалай дайындаймыз? тақырыбында директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Х. Дайрабаева
4.Баланы табысты өмір сүруге бейімдейтін өнімді ортаны қалай құруға болады? тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Тағыберген:
5.Технологиялық серпіліс ғасырындағы педагогтерді қалай өзгертуге болады? тақырыбында математика пәнінің мұғалімі А.Омарова:
6.Мұғалімдер мен ата-аналардың педагогикалық одағын қуатты тәрбие күшіне қалай айналдырамыз? тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Абеубекова:
7.Оқыту сапасы: оны қалай өлшеуге болады? тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Оспанова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
