2021-2022 оқу жылының 24 мамыр күні №3 жалпы білім беретін мектебінде 4 “А” және “Ә” сынып оқушыларының «Бастауышым балбұлағым, өтті сенде қызық шағым» тақырыбында бастауышпен қоштасу мерекесі өтті. Мерекелік іс-шараға мектеп мұғалімдері, әкімшілігі мен ата-аналар қатысты. Бастауыш табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларға, ізгі ниетің мектеп директоры Мукашева Айман Толеубековна білдірді. Оқушылар ұстаздарға, ата-аналарға,мектепке әндер мен өлеңдерін арнады. Пән мұғалімдеріне арнау өлеңдерін айтты. Сондай-ақ түрлі билер билеп,көпшіліктің көңілінен шыға білді.
Мектеп директоры оқушыларды «Бастауыш сыныпты бітіргендігі туралы »дипломдармен марапаттады. Әріп танып, білім негізін алған оқушылар, бастауыш мектеппен, алғашқы ұстаздарымен қимай қоштасты.
Орта буынға қадам басқан оқушыларға тек “Ақ жол” тілейміз! ??
