2022 жылдың 4 наурыз күні мектепалды даярлық 0 «Б» сыныбында 8-ші наурыз Аналар мерекесіне арналған «Ана-гүл, ана-өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Балалар 8-ші наурыз аналар мерекесі екенін түсіндіру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрмет ерекше екенін ұғындыру. Сонымен бірге балалар аналарға арнап әндер орындады, жаттаған тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Тақпақтар мен әндер арқылы ой-өрісі, тілі дамыды және анаға деген ықылас пен алғыс сезімде болды. Балалар аналарына арнап ашық хат әзірледі. Бүгінгі мерекеде балалар көтеріңкі көңіл- күйде болып, естелік суретке түсті.
