Жыл сайын еліміздің барлық аймақтарында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Мақсаты: әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына көмек көрсету,әлеуметтік жағдайын анықтау арқылы сол балалардың мектепке дайындығын бақылау және материалдық, қаржылай көмек көрсету.
Мектеп әкімшілігі акцияға белсене қатысу туралы хабарландыру беріліп, қала тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақыру жүргізілуде. Мектебімізде акция бойынша әлеуметтік желілерге хабарландырулар берілді.
Мемлекет мектепке дайындық үшін арнайы «Всеобуч» қорынан қаржылай көмек береді. Бұл қор жыл сайын әлеуметтік жағынан осал отбасыларға қолдау көрсетеді, акция шеңберінде бюджет есебінен әр балаға- 46 228 теңге қаражат көлемінде 76 оқушыға көмек көрсетілді.
Жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясына жеке кәсіпкер ИП «Кутыбаева» да өз үлесін қосты. Әлеуметтік көмекті қажет ететін 8 оқушыға ағымдағы оқу жылында кеңсе тауарлары беріледі.


