2021 жылдың 24 мамыр күні, №3 ЖББМ-нің, 5-11 сынып оқушылары арасында, онлайн форматында, ZOOM платформасы арқылы 31 мамыр Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.