2025 жылдың 25 тамызында Жезқазған қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық кеңес өткізілді.
Кеңестің басты мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсіл қалыптастыру және жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттерді айқындау болды.
Кеңес жұмысына Ұлытау облысы оқу әдістемелік орталығының әдіскері Лақбаева Кульсара Нурмухановна қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Жаңа оқу жылындағы басым бағыттар мен негізгі міндеттер;
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту;
3. Ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметті қарастыру.
Талқылау барысында мына мәселелерге ерекше назар аударылды:
• «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру;
• Білім беру процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу және оның этикалық стандарттарын сақтау;
• Педагог мәртебесін арттыру, мұғалімдердің құқықтарын қорғау;
• Қауіпсіз әрі инклюзивті білім беру ортасын қамтамасыз ету;
• Оқу жетістіктерін арттыруға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыру.


