2023 жылғы 13 ақпан күні, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Жезқазған қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінде , 6 "А" және 6“Ә” сыныптарында тәжік-ауған соғысының ардагерлері Бухарбаев Бекен Сламғалиұлы және Райымбаев Ізбасар Қайырбайұлымен кездесу ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақтың тарихи оқиғаларға деген қызығушылығын ояту, отансүйгіштікті, отанға лайықты, адал қызмет етуге тәрбиелеу.Ардагерлер оқушыларға сол қорқынышты соғыстағы, қарапайым сарбаздардың әрекеттері, олардың ерліктері туралы айтып берді, сонымен қатар оқушыларды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Әңгімелесуден кейін оқушылар "Ауғанның от - жалыны" атты бейнеролигін көріп, құрметті қонақтарға жылы лебіздерін білдірді.