2023 жылдың 6 наурыз күні, №3 ЖББМ-де,3-4 сынып оқушыларының арасында «Көктем аруы» атты байқауы өткізілді. Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Байқау 4 кезең бойынша бағаланды.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Өнер көрсету
3. Сұрақ - жауап.
4. Сән үлгісі.
Инабаттылығымен, өнерімен көзге түскен аруларымыз байқау нәтижесі бойынша жүлделі орындар және номинациялармен марапатталды.
