2023 жылдың 6 наурыз күні, 8 Наурыз мерекесіне орай және отбасылық тәрбие бағыты бойынша, кезекті, “Супер Ана-Супер Бала” байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату. 5 кезеңнен тұратын бұл бәйгеде, қатысушы ата- аналар мен оқушылар «Ине-жіптен игілік иірермін», «Ата салтым, тәлімді ой сынағым», «Өнер менің өмірімде», «Ой түбінде жатқан сөз» және “Кім жылдам” бөлімдері бойынша бәйгеге түсіп, бір- біріне есе жібермеді. Қазылар алқасының шешімі бойынша: “Бас жүлдені” 5 “В” сынып жеңіп алса,
І орынды - 5 “А” сыныбы,
ІІ орынды - 6 “В” және 5 “Ә” сыныптары, ал
ІІІ орынды -6 “А” және 5 “Б” сыныптары иеленді. Барлық байқау қатысушыларына мектептің кәсіподақ тарапынан сыйлықтар таратылса, орын иегерлеріне байқау демеушілері: Яна Бережнева, Ирина Олеговна, Гүлмира Искеновна және Ирина Петровнадан сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Барлық байқау қатысушылары мен демеушілерімізге алғыс білдіреміз.
