2023 жылдың 30.01-03.02 аралығында, №3 ЖББМ-де, «Барлығына ашық мектеп» атты инклюзивті білім беру апталығы өткізілді. Мақсаты:
- Мұғалімдерді инклюзивті білім беру идеяларын қабылдауға, оның міндеттерін түсінуге, инклюзивтің негізгі принциптерін өз қызметінде жүзеге асыра білуге дайындау.
- Ата-аналар арасында инклюзивті білім беруге деген оң көзқарасты қалыптастыру – балаларда мүмкіндігі шектеулі қатарластарына толерантты көзқарасты тәрбиелеу.
Инклюзивті білім беру апталығында «Біз бәріміз де әр түрліміз» тақырыбында фильмдер көрсетілді.
Мектеп ұстаздары мүгедектер қоғамының өкілдерімен кездесу және ашық сабақтар, бейнероликтер байқауы, суреттер, спорттық сайыстар, «Мейірімділік қолын созайық» акцияларын өткізді. , пікірталас, би қимыл терапиясы, үзілістегі ойындарын ұйымдастырды. Балалар пазл құрастырып, достарына және кіші сынып балаларына берді.
Жоғарғы сынып оқушылар арасында «Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дебат өткізілді.
Өткізілген іс-шаралар балалардың адамгершілік және рухани дамуына, балалар ұжымында достық, сыйластық, өзара түсіністік және қолдау атмосферасын қалыптастыруға, адамдарға деген толерантты көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.
Апталықтың қортындысымен «Вежда» мектешілік газетінің нөмірі басылып шығарылды.