Әр Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Ұлағатты ұстаздар, еңбектеріңіз әрқашан жана берсін. Мереке құтты болсын!