15 -Мамыр Халықаралық “Отбасы күні” аясында, №3 ЖББМ-нің 1-11 сыныптар арасында, “Біздің отбасылық құндылықтар” атты тақырыпта онлайн режимінде, ZOOM платформасы арқылы тәрбие сағаттары өткізілді.
№3 ЖББМ-де , 15 -Мамыр “Отбасы күні” аясында,Республикалық “Отбасы ағашын отырғыз” акциясы бастау алды. Акцияның мақсаты – әуелі отбасы құндылығына мән беру. Себебі жанұяның тірегі болған азамат өмірде ұрпақ тәрбиелеп, үй салып, ағаш егуі басты ұстанымдарының бірі болып табылады. Табиғатты қажетімізге мейлінше пайдалану мен бірге оны таза, көркем етіп сақтап қалу, бүгінгі ұрпақтың, біздің міндетіміз. Қаламыз гүлденіп, көркеюі үшін бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, сенбілікке атсалысайық!
15-мамыр Халықаралық отбасы күні аясында, №3 ЖББМ-нің 1-11 сыныптар арасында, "Мен және Отбасы" атты тақырыпта фотоколлаждар көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – отбасы институтын насихаттау, көп балалы және көп буынды отбасын құрметтеуге тәрбиелеу. Мектеп оқушылары онлайн-фотокөрмеге айқын белсенділік таныттып, отбасылық фотоколлаждармен бөлісті.