1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күніне орай, №3 ЖББМ-нің ауласында, Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашылды. Салтанатты жиынға мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектеп директоры Жанна Жанабаевна сөз сөйлеп «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған жас жеткіншектерді құттықтап, тілек білдірді. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды. Қабылдау іс-шарасы барлық санитарлық нормалардың сақталуымен,таза ауада өткізілді.
1 - Мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында №3 ЖББМ-нің 5 “А” сыныбы сіздерді мерекелеріңізбен құттықтайды Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр мерекесі құтты болсын!