Ұлы Жеңістің 77 жылдығы аясында, Жас ұрпақтытың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтардың ерлік істерімен қастерелеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту, ой - өрісін дамыту мақсатында, №3 ЖББМ-нің 1-11 сыныптарында «Бейбіт күн жасасын әлемде…» ұранымен тәрбие сағаттары өткізілді.
9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.
Жыл сайын мәңгілік алауы жанына Отан қорғаушыларын, батырларды еске алып, гүл шоқтарымен рахметін айта келгендер жиналады. Біздер де қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз! Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Барлықтарыңызды 9-Мамыр -Ұлы Жеңіс күнімен шың жүректен құттықтаймыз
#9мамырұлыжеңіскүні